Қалай жетуге және бізбен байланысуға болады
Телефон:
+7 (708) 222 49 41
E-mail: parakhat.kuandykov@mail.ru
Алматы облысы, Іле ауданы, М.Түймебаев ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 2 үй
«Ақжол-1» бөбекжай балабақшасы
Мекеме мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту, олардың зияткерлік, шығармашылық, әлеуметтік және физикалық қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу.
Балабақша өз мақсатын келесі міндеттер арқылы жүзеге асырады:
Балалардың жас ерекшелігіне сай сапалы мемлекеттік білім беру стандартын енгізу.
Ойын арқылы оқытудың заманауи және инновациялық әдістерін қолдану.
Баланың бойына ана тілін, салт-дәстүрді, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттілікті дарыту.
Балалардың физикалық тұрғыдан сау, шыныққан және белсенді болып өсуін қамтамасыз ету.
Әр баланың бойындағы жасырын табиғи талантты (сурет, ән, логика, спорт) ерте жастан анықтау.
Кішкентай кезінен өзіне деген сенімділікті, дербестікті және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Бала тәрбиесінде отбасы мен балабақша арасындағы ашық әрі сенімді көпір орнату.
Ата-аналарға бала психологиясы бойынша тұрақты кеңес пен қолдау көрсету.
• Таңғы ас
• Екінші таңғы ас (жеңіл ас)
• Түскі ас
• Түстен кейінгі ас (полдник)
• Кешкі ас
• Таңертең балабақшаға алып кетіп, кешке қайта үйге жеткізу
• Мұнда ең кішкентай бүлдіршіндер (2-5 жас) қабылданады.
• Арнайы маманмен дамытушылық сабақтар
• Би сабағы
Мекеменің типі - мектепке дейінгі білім беру ұйымы
Мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы:
ЖШС «Ақжол-1» бөбекжай балабақшасы